БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қашықтықтан оқыту бойыншаоқу процесін ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасы туралы

НҚА ашық деректер интернет-порталында 2021 жылғы 31 наурызда «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасы орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=684&type=2).

2021 жылғы 8 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды, онда «қашықтықтан білім беру технологиялары» ұғымы «қашықтықтан оқыту» деген жаңа ұғымға ауыстырылды.

Осыны ескере отырып, Академия Бас Прокурордың бірқатар қолданыстағы бұйрықтарына  (2015 жылғы 13 тамыздағы № 101, 2016 жылғы 31 наурыздағы № 57, 2016 жылғы 31 наурыздағы № 65) тиісті түзетулер енгізу туралы бұйрықтың жобасын әзірледі.

Сонымен қатар, Академия аталған бұйрықтарға оқуға қабылдауға, білім беру технологияларын қолдануға, ректорды, бірінші проректорды және проректорларды тағайындау тәртібіне, сондай-ақ институттардың бірін қайта атауға байланысты басқа да түзетулер дайындады.

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы