2020 жылдың 23 желтоқсанда Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста 2020 жылы қабылданған магистранттардың (ғылыми және педагогикалық бағыт) ғылыми жетекшілерінің кандидатуралары, 2020-2021 оқу жылдарының қорытынды аттестациясына енгізілетін пәндер тізімі қарастырылды, «Академияның 2019-2023 жылдарға арналған Стратегиялық даму бойынша Іс-шаралар жоспарының орындалуының нәтижелері туралы» және «Қашықтықтан оқыту бойынша жұмыстардың нәтижесі туралы» атты құрылымдық басшыларының есептері тындалды, сондай-ақ 2020 жылғы магистранттардың (ғылыми және педагогикалық бағыт), докторанттардың зерттеу тақырыптары мақұлданды және 2021 жылдағы Академияның ғылыми еңбектерін баспаға шығару жоспары бекітілді.
Ғылыми кеңес шешімімен «Әлеуметтану және басқару психологиясы» атты оқу құралы (орыс тілінде) (авторы А.А. Тынышбаева), Cыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен басқарушылық қателіктердің, сондай-ақ жауаптылыққа тартуға әкеп соқпайтын өзге де әрекеттердің/әрекетсіздіктердің аражігін ажырату жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (қазақ және орыс тілдерінде) (авторлары: М.И. Шереметьев, Е.А. Омаров) жариялауға ұсынылды.