Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадинов Украина прокурорлары тренингтік орталығының директоры Олеся Отрадновамен онлайн-кездесу өткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Құжат Қазақстан мен Украина прокуратурасының қызметкерлерін кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастық пен бірлескен іс-қимыл қағидаттарын бекітеді.
Сондай-ақ Меморандумда оқу курстарының әлеуетін арттыру, өзара конференциялар ұйымдастыру, сараптамалық қолдау көрсету, онлайн-оқыту технологияларын пайдалануда тәжірибе алмасу, кәсіби жаттықтырушылардың пулын құру, оқу тағылымдамаларын өткізу және т.б. бойынша ынтымақтастық көзделген.
Тараптар Келісімнің ғылыми-білім беру стратегиясын жетілдіруге, бірлескен жобаларды табысты іске асыруға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.