Құқық қорғау органдары академиясы кәсіпкерлерге заң көмегін көрсету үшін «Қылмыстық процестегі кәсіпкерлердің құқықтары» жадынамасын дайындады.
Құжат «Кәсіпкерлердің құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғауды күшейту мәселелері» атты жүргізілген зерттеу шеңберінде әзірленді және қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеудің басынан бастап іс жүргізу аяқталғанға дейін қадамдық алгоритмі бар қолданыстағы заңнамаға сілтемелерді қамтиды.
Кәсіпкерлік қоғамдастық арасында оны кеңінен таратуды қамтамасыз ету үшін жадынама «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына жіберіліп, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің (Бизнес-омбудсменнің) сайтында орналастырылды.
Жадынаманы мына сілтеме бойынша жүктеуге болады https://ombudsmanbiz.kz/rus/zashita_biznesa/prava_predprinimatelei.