ПРЕСС-РЕЛИЗ

2020 жылдың 26 қарашада Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста 2020 жылы қабылданған докторанттардың ғылыми консультанттарының кандидатуралары қарастырылды, «Академияда ақпараттық технологияларды енгізу туралы: жай-күйі мен перспективалары» және «Академия кітапханасының дамуы бойынша жұмыстың нәтижесі және кітапхана қорының жағдайы туралы» атты құрылымдық басшыларының есептері тындалды, сондай-ақ Академия қызметкерлері мен білім алушыларының кандидатуралары «Құрмет тақтасына» енгізу үшін мақұлданды.

Ғылыми кеңес шешімімен «Құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін келіссөздер жүргізу негіздері» атты практикалық ұсынымдар (орыс тілінде) (авторы А.А. Калиев), «Жедел-тергеу жұмысының дағдыларын дамыту» атты симуляциялық тренинг өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар (орыс тілінде) (авторы А.А. Калиев) және Бөтеннің малын жасырын ұрлау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әдістемелік ұсынымдар (орыс тілінде) (авторлары: Р.А. Медиев, Н.К. Имангалиев) жариялауға ұсынылды.