Құқық қорғау органдары академиясында азаптауларды тергеу және құжаттау мәселелеріне арналған онлайн-семинар өтті.
Оқыту іс-шарасы Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырылған құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне арналған тренингтер сериясында аяқталды.
Прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері, сот сарапшылары, сондай-ақ Ақтөбе және Алматы облыстарының адвокаттары біліктілігін арттырудан өтті.
Тренинг барысында азаптауларды құжаттаудың, сотталғандарға қатыгез қарау фактілерін анықтау кезінде рәсімдерді жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланды.
Семинарға қатысушылар азаптаудан бостандық құқығын қорғаудың халықаралық-құқықтық стандарттарымен, азаптаудың іздерін зерттеу және құжаттау ерекшеліктерімен, медициналық деректерді түсіндірумен танысты. Қажетті дағдыларды игеру үшін азаптаулар құрбандарына сауалнама жүргізу және кейстік міндеттерді шешу практикасы қолданылды.