Құқық қорғау органдары академиясы Жоғарғы Сотпен, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен, ҚР ІІМ Қарағанды академиясымен бірлесіп, АҚШ-тың Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігінің қолдауымен «Қазақстандағы адам саудасы: еңбекпен пайдалануға байланысты істерді анықтаудың, тергеудің және соттарда қараудың қиындықтары» тақырыбында вебинарлар сериясын ұйымдастырды.
Оқу іс-шаралары Астана, Ақмола, Алматы және Түркістан облыстарын, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларын қамтыды. Жыл соңына дейін бүкіл республика бойынша тоғыз вебинар өткізіледі.
Тренингтерге судьялар, прокурорлар, полиция және еңбек инспекторлары қатысады.
Онлайн-семинарлардың нәтижелері бойынша әзірленген ұсынымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Адам саудасына қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға берілетін болады.