2020 жылғы 5 қарашада Құқық қорғау органдары академиясы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери институтымен білім беру және ғылыми-зерттеу шеңберінде ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Тараптар екі білім беру мекемесінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің ортақтығын атап өтіп, өзара тиімді серіктестікті тереңдету мен кеңейтуге мүдделілік білдірді.
Қол жеткізілген келісім шеңберінде тараптар құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлау мен біліктілігін арттыруға, бірлескен білім беру және іргелі зерттеулер жүргізуге бағытталған күш-жігерді шоғырландыруға ниетті.
Сондай-ақ, меморандум мамандар мен оқытушылардың академиялық алмасуын, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау тәжірибесін, оқу процесін ұйымдастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, бірлескен оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми тағылымдамалар мен кәсіптік практиканы өткізу жоспарлануда. Оқу әдебиеттері мен әдістемелік құралдармен тұрақты өзара алмасуды құру.
ЖОО басшылары жасалған Меморандум бірлескен жобаларды табысты іске асыруға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.