ПРЕСС-РЕЛИЗ

2020 жылдың 30 қазанда Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Академия Ректоры Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты профессоры Е.Н. Бегалиевке ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы мен «Профессор» атағын беру туралы аттестатын тапсырды.

Отырыста «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша МАК төрағаларының кандидатуралары, Академия мұражайының құрылуы тұжырымдама жобасы қарастырылды, сондай-ақ 2020 жылы қабылданған магистранттардың (бейіндік бағыттағы және қашықтықтан білім беру технологиясын қолдану) ғылыми жетекшілері мен зерттеу тақырыптары мақұлданды.

Ғылыми кеңес хатшысы А.Ж. Сыздықовқа және Ведомствоаралық ғылыми зерттеу институт Орталығының басшысы Е.С. Кемалиге қауымдастырылған профессор (доцент) атағын беру туралы өтініш білдіруге шешім қабылданды.

Ғылыми кеңес шешімімен «Құқықтың жалпы теориясының қазіргі проблемалары» атты оқу құралды баспаға ұсынылды (авторлары: Р.Р. Нұғманов, Р.А. Әмірханов, Н.Б. Рахимов).

Сондай-ақ ғылыми-білім беру қызметіне қатысты басқа сұрақтар талқыланды.