Құқық қорғау органдары академиясы мен Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының өкілдігі бірге ұйымдастырған «Ыстамбұл хаттамасына сәйкес азаптаулар мен қатыгездіктерді тиімді тергеу және құжаттау» онлайн-семинары аяқталды.
Оқытудан прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, сот-медициналық сараптама қызметкерлері, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының адвокаттары, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Бас прокуратура академиясының өкілдері өтті.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Академия проректоры Маралбек Ешімов және Қор өкілдігінің басшысы Зәуреш Шутова осы санаттағы қылмыстық істерді тергеудің тиімділігін арттыру, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейту контексінде тренинг өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Тренингке қатысушылар азаптаудан бостандық құқығын қорғаудың халықаралық-құқықтық міндеттемелері мен стандарттарымен, қатыгез қарым-қатынастың іздерін тексеру және құжаттау ерекшеліктерімен, медициналық деректерді түсіндірумен, қорытынды дайындаумен танысты, сондай-ақ азаптаудың құрбандарына сауалнама жүргізу және кейстік міндеттерді шешу практикасында болды.
Өзбек әріптестер азаптауға қарсы іс-қимыл және оны болдырмау саласындағы ұлттық тәжірибелерімен бөлісті.
Осы тақырып бойынша бірлескен білім беру іс-шаралары жүйелі негізде өткізіледі. Өткен жылы семинарлар Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында, ағымдағы жылы Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында ұйымдастырылған болатын.