Академияда «Qazaq heroes: болашақтан келген батырлар» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Республика күніне орай ұйымдастырылған «Qazaq heroes: болашақтан келген батырлар» балалардың цифрлық шығармашылығы байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Байқауға Академия магистранттары мен докторанттарының 6 мен 13 жас аралығындағы балалары қатысты. Жас авторлар болашақтың батырларына арналған цифрлық суреттер мен комикстер әзірледі. Шығармаларда әділдікті қорғаудағы жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, экологиялық […]