Innovation Lab және ProLab жобаларының өзара ықпалдастығы: нәтижеге бағдар
Астана қаласының прокуратурасында «Innovation Lab» және «ProLab» жобалары аясында Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. «ProLab» өңірлік зертханасында профессор Алмаз Ещановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Оған профессорлар Назарбек Жемпиисов пен Виталий Хан, сондай-ақ магистранттар қатысты. Қатысушылар бірлескен өнімдерді әзірлеу мәселелерін талқылап, өзекті проблемалар мен оларды шешу жолдары жөнінде пікір алмасты. […]