Академия оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруда
Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында біліктілікті арттыруға арналған бес күндік курсы аяқталды. Оқыту барысында заманауи оқыту әдістеріне, цифрлық технологияларға және білім беру процесін жетілдіруге баса назар аударылды. Оқу Академияның Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс басқармасының қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамына арналған Педагогикалық шеберлік мектебі аясында өтті. Бағдарлама оқу-әдістемелік сүйемелдеу, цифрлық шешімдерді қолдану және аудиториямен тиімді өзара іс-қимыл […]