Жаңалықтар

Академия профессорлары халықаралық конференцияда баяндама жасады

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессорлары мен докторанттары адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың заманауи тәсілдеріне арналған «Адамға бағдарлану – Қазақстандағы конституциялық реформаның басым бағыты» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияға Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты мен Әділет министрлігінің өкілдері, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, халықаралық ұйымдардың, заң және ғылыми […]

No Picture
Қорғау

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D04201 «Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Жанар Саулетовна Тукенованың  «Қылмыстық құқықтағы зиян келтіру тәуекелін қабылдау (келісім)»  тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясы қорғалады. Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс. Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан […]

No Picture
Қорғау

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D04201 «Құқықтану» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Айтолқын Бұғыбайқызы Досжанованың «Ақпараттық коммуникациялық-технологиялар арқылы тұлғаның жеке басын анықтаудың тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясы қорғалады. Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс. Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан […]

Жаңалықтар

Академияда Қазақстан Республикасы күніне орай академиялық пікірсайыс өтті

Қазақстанның қуатын не айқындайды: күшті мемлекет пе, әлде жауапты қоғам ба? Бұл сұрақ Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары арасында Қазақстан Республикасы күніне орай өткен академиялық пікірсайыстың негізгі тақырыбы болды. Зияткерлік сайыс барысында қатысушылар өз ұстанымдарын дәлелдеп, заңнаманы білу деңгейін, талдау қабілетін және кәсіби пікірталас жүргізу дағдыларын көрсетті. Пікірсайыс қорытындысы бойынша жауапты қоғам […]

Жаңалықтар

Академияда докторлық диссертациялар қорғалды

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының докторанттары докторлық диссертацияларын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесін алды. Нұрланәлі Мырзабаев «Кәмелетке толмағандар саудасын ашу мен тергеп-тексеруді криминалистикалық қамтамасыз ету» тақырыбында зерттеу жұмысын ұсынды. Зерттеу осы санаттағы қылмыстарды ашу мен тергеп-тексерудің криминалистикалық әдістерін жетілдіруге арналған. Ерлан Мыңжанов «Қылмыстық кірістерді заңдастыру саласындағы қылмыстарды тергеудің теориялық және практикалық негіздері» […]

Жаңалықтар

Академия оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруда

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында біліктілікті арттыруға арналған бес күндік курсы аяқталды. Оқыту барысында заманауи оқыту әдістеріне, цифрлық технологияларға және білім беру процесін жетілдіруге баса назар аударылды. Оқу Академияның Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс басқармасының қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамына арналған Педагогикалық шеберлік мектебі аясында өтті. Бағдарлама оқу-әдістемелік сүйемелдеу, цифрлық шешімдерді қолдану және аудиториямен тиімді өзара іс-қимыл […]

Яндекс.Метрика