Жаңалықтар

Футбол Академия қызметкерлерін біріктірді

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Республика күні мен прокуратура органдарының 35 жылдығына орай қызметкерлер мен жұмыскерлер арасында шағын футболдан жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл және цифрлық технология институты мен Академияның дербес құрылымдық бөлімшелерінің командасы иеленді. Екінші орын Кәсіби оқыту институтының командасына, үшінші орын Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының командасына бұйырды. […]

Жаңалықтар

Академияда Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты рәсім барысында Академия қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен ректордың грамоталары табысталып, алғыс жарияланды. Докторанттарға философия докторы (PhD) дәрежесінің дипломдары беріліп, курсанттар арасында өткен ғылыми-практикалық мақалалар конкурсының жеңімпаздары дипломдармен марапатталды. Мерекелік бағдарламада Академия қызметкерлері мен алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан курсанттар өнер көрсетті. […]

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: активтерді тәркілеу және қайтарудың халықаралық тәжірибесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: активтерді тәркілеу және қайтару» тақырыбындағы халықаралық семинар аяқталды. Курстың ашылу рәсіміне Академияның бірінші проректоры Сәуле Сапарәлиева, Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі қызметі басшысының орынбасары Мұрат Төлегенов және Қазақстан Республикасындағы IRZ өкілі Гүлнара Фахрудинова қатысты. Сарапшылар ретінде Германия Федеративтік Республикасының прокурорлары Вольф-Тильман Баумерт […]

Жаңалықтар

Ведомстволық білім берудің заманауи тәсілдері: Академиядағы ведомствоаралық диалог

Мемлекеттік органдар үшін кадрлар даярлауды жетілдіру, академиялық дербестікті кеңейту және білім беру сапасын арттыру мәселелері 2026 жылғы 22–23 қазанда Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында өткен ведомствоаралық әдістемелік жиынның негізгі тақырыптарына айналды. Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ құқық қорғау, әскери және арнаулы бағыттар […]

Жаңалықтар

Академияда Республика күніне орай зияткерлік ойын өтті

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан Республикасының күніне орай «60 секунд» тарихи-танымдық зияткерлік ойыны өтті. Іс-шара елдің тарихи мұрасын дәріптеуге, патриоттық құндылықтарды нығайтуға және командалық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталды. Сайыс барысында Академия қызметкерлері Қазақстан тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, білім деңгейін, шапшаң ойлау қабілетін және белгіленген уақыт ішінде командамен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. […]

Жаңалықтар

Қазақстанның егемендік тарихы Академиядағы дәрістің тақырыбына айналды

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан Республикасының күні қарсаңында Қазақстанның егемендікке жету жолына арналған ашық дәріс өтті. Қатысушылар тәуелсіздік алудың алғышарттары мен Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның маңызын талқылады. Дәріске Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұргүл Мұхаметжанова шақырылды. Іс-шараға Академияның […]

Яндекс.Метрика