Жаңалықтар

Адам саудасына қарсы іс-қимыл: тергеу мен прокурорлық қадағалаудың заманауи тәсілдері

Семей қаласында адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қорытынды тренинг өтті. Іс-шараны Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисімен және Абай облысының прокуратурасымен бірлесіп ұйымдастырды. Тренинг Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2024-2026 жылдарға арналған адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асырудың қорытынды кезеңі […]

Жаңалықтар

Академия магистранттары тергеу жағдайларын модельдеу дағдыларын жетілдіруде

Академия магистранттары қылмыстарды тергеп-тексерудің бастапқы кезеңінде тергеу болжамдарын ұсыну және тергеу жағдайларын модельдеу тәсілдерін тәжірибе жүзінде пысықтады. Ашық практикалық сабақты Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының арнайы заң пәндері кафедрасының доценті Александр Сырбу өткізді. Қатысушылар тергеу болжамдарының жіктелуін, оларды ұсыну, тексеру және бағалау тәртібін, сондай-ақ криминалистикалық модельдеу мен кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерін […]

Жаңалықтар

Innovation Lab және ProLab жобаларының өзара ықпалдастығы: нәтижеге бағдар

Астана қаласының прокуратурасында «Innovation Lab» және «ProLab» жобалары аясында Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. «ProLab» өңірлік зертханасында профессор Алмаз Ещановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Оған профессорлар Назарбек Жемпиисов пен Виталий Хан, сондай-ақ магистранттар қатысты. Қатысушылар бірлескен өнімдерді әзірлеу мәселелерін талқылап, өзекті проблемалар мен оларды шешу жолдары жөнінде пікір алмасты. […]

No Picture
Жаңалықтар

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы магистратураға 7М12301 «Құқық қорғау қызметі» бейінді бағыттағы (оқу мерзімі 1 жыл) білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсу үшін 2026 жылғы 20 қарашаға дейін «Open Academy» https://qyzmet-qorgau.gov.kz арқылы цифрлық жүйесінде құжаттарды қабылдауды жүргізуде. Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратура мен докторантураға оқуға түсу бойынша нұсқаулық […]

No Picture
Қорғау

ХАБАРЛАНДЫРУ

8D12301 «Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Жанар Саулетовна Тукенованың «Қылмыстық құқықтағы зиян келтіру тәуекелін қабылдау (келісім)» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алуға алдағы докторлық диссертацияны қорғау шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесімен (бұдан әрі — диссертациялық кеңес) ресми рецензенттер (2026 жылғы 27 қазандағы № 24 хаттама): […]

No Picture
Қорғау

ХАБАРЛАНДЫРУ

8D04201 «Құқықтану» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Айтолқын Бұғыбайқызы Досжанованың «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы тұлғаның жеке басын анықтаудың тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алуға алдағы докторлық диссертацияны қорғау шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесімен (бұдан әрі – диссертациялық кеңес) ресми рецензенттер (2026 жылғы 27 қазандағы № 24 хаттама): […]

Яндекс.Метрика