Жаңалықтар

«ProLab» – ғылым мен практиканы ұштастыратын жаңа алаң Шымкентте іске қосылды

Шымкент қаласы прокуратурасында Оқу-практикалық кабинет пен «ProLab» өңірлік базалық зертханасының ашылу рәсімі өтті. Жоба құқық қорғау органдарының ведомстволық білім беру сапасын арттыру аясында жүзеге асырылып, ғылым мен практиканың өзара байланысын нығайтуға бағытталған. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Н. Әбдіров және Шымкент қаласы прокурорының міндетін атқарушы Ж. Нұрғали қатысты. «ProLab» […]

Жаңалықтар

Прокуратура органдарының басшы құрамының коммуникация, көшбасшылық және басқару мәселелері бойынша біліктілігін арттыру

2026 жылғы 8–12 маусым аралығында Құқық қорғау органдары академиясында қала, аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар үшін «Көшбасшылық және менеджмент: заманауи тәсілдер» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті. Оқыту басқарушылық құзыреттерді, көшбасшылық қасиеттерді және ұжымды тиімді басқару дағдыларын дамытуға бағытталды. Курстың бағдарламасы басқарушылық шешімдер қабылдау, персоналды басқару, өкілеттіктерді беру, тайм-менеджмент, кәсіби күйзелістің алдын алу және стресс-менеджмент. […]

Жаңалықтар

Академияда тыйым салынған және тәркіленген активтерді басқару мәселелері талқыланды  

2026 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында тыйым салынған, тәркіленген және қайтарылған активтерді басқару жүйесін жетілдіруге арналған дөңгелек үстел өтті. Талқылауға мемлекеттік органдардың, сот жүйесінің, құқық қорғау құрылымдарының, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен сарапшылық қауымдастықтың өкілдері, соның ішінде ЕҚЫҰ, Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, ҰҚК, Қаржылық мониторинг агенттігі, ІІМ, Әділет министрлігі […]

Жаңалықтар

Әскери қызметшілер арасындағы суицидтің алдын алу: өзекті мәселелер мен шешімдер

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Армиядағы суицидтің алдын алу» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Бас прокуратура, Әскери прокуратура, Қорғаныс министрлігі, өзге де әскери құрылымдар, Денсаулық сақтау министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел қылмыстардың алдын алу және әскери қызметшілер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың профилактикасы мәселелеріне арналған ведомствоаралық ғылыми-зерттеу […]

Яндекс.Метрика