Жаңалықтар
Көлік прокуратурасында жол қауіпсіздігі саласындағы зерттеу нәтижелері таныстырылды
2026 жылғы 28 мамырда Құқық қорғау органдары академиясының 2-Институтының қызметкерлері Бас көлік прокуратурасы мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне жол-көлік оқиғаларының себептері мен жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы прокурорлық қадағалауды жетілдіруге арналған ғылыми зерттеу нәтижелерін таныстырды. Презентация барысында ел жолдарындағы апаттың себептеріне жүргізілген талдау нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен прокуратура қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған практикалық ұсыныстар ұсынылды. […]