Академия докторанттары Душанбе қаласында қазіргі жағдайдағы қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға қатысты
2026 жылғы 21 мамырда Академияның Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері, 2-курс докторанттары А.А. Аскаров, А.С. Айтмагамбетов, С.Н. Шайхыстанова және А.Ж. Тулеуова Тәжікстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Қазіргі жағдайдағы қылмысқа қарсы іс-қимыл теориясы, заңнамасы және тәжірибесінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы I Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Душанбедегі Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде өткен шараға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан […]