Жаңалықтар

«Заң мен Тәртіп»: Қосшыда БҰҰ қолдауымен Орталық Азия елдері органдарды алу мақсатында адам саудасына қарсы күресте күш біріктіруде

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында органдарды алу мақсатында адам саудасына қатысты қылмыстарды тергеу және қылмыстық қудалау мәселелеріне арналған екі күндік өңірлік дөңгелек үстел өз жұмысын бастады. Іс-шараны Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ) және Еуропалық Одақтың қолдауымен бірлесіп ұйымдастырды. Жиынға Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және […]

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қылмыстық кірістерді заңдастыру мәселелері бойынша комплаенс-офицерлерді оқыту туралы

Бас прокуратураның Құқық қорғау органдары академиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және комплаенс-офицерлердің қызметіндегі қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) өзекті мәселелеріне арналған оқу іс-шарасы аяқталды. Оқытуға су ресурстарын басқару және денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектордың 18 өкілі қатысты. Іс-шараны Академия тұрақты негізде өткізеді және үшінші рет іске асырылып отыр. Бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствомен […]

Жаңалықтар

Цифрлық криминалистика негіздері

Академия Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі прокурорлар пулын дайындаудың екінші кезеңін аяқтады. Оқыту Цифрлық компоненті бар қылмыстық істер бойынша кадрлар даярлаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған. Бұл тақырыптың өзектілігі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстар санының өсуіне байланысты. Желіде болған кезде қылмыскерлер сөзсіз дәлелдейтін мәнге ие цифрлық іздерді қалдырады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне […]

Жаңалықтар

Заң ғылымының трансформациясы Академиядағы халықаралық конференцияның негізгі тақырыбына айналды

2026 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Ғылым күніне орайластырылған және Ведомстволық білім беруді жетілдіру жылы аясында өтіп жатқан «Заң ғылымының трансформациясы: жас ғалымдардың көзқарасы» атты IX халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шарада Қазақстан мен шет елдердің мемлекеттік органдарының, ғылыми қоғамдастығы мен білім беру ұйымдарының өкілдері бірікті. Пленарлық және панельдік […]

Жаңалықтар

Құқықтық көмек» жобасы аясында оқушылармен профилактикалық кездесу

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары Қосшы қаласының «Тайтөбе» орта мектебінің оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді. Кездесу барысында жасөспірімдер қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер, соның ішінде қорлау және кибербуллинг, есірткіні тарату және пайдалану, есірткіні тастауға жастардың тартылуы, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері талқыланды. Қатысушыларға құқыққа қайшы әрекеттердің құқықтық салдары, құқықтарды қорғау тетіктері және көмек сұраудың […]

No Picture
Жаңалықтар

Хабарлама

2026 жылғы 10 сәуірде сағат 11.00-де Академияның акт залында өтетін «Заң ғылымының трансформациясы: жас ғалымдардың көзқарасы» атты IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз. Аталған іс-шараның пленарлық отырысына еліміздің және Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғыз Республикаларының ғылыми-білім беру және құқық салаларының өкілдері қатысады. Конференцияға Zoom арқылы қосылу:  https://us05web.zoom.us/j/8316626592?pwd=WXh5ZVVFZG1RUTFoeEdnRkVBOEV6Zz09&omn=87678665794 Идентификатор: 831 662 6592, коды: 12345 Панельдік секциялар […]

Яндекс.Метрика