Жаңалықтар

Академияда киберпрокурорлар үшін «Құқық қорғау қызметіндегі OSINT» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Оқыту Академия әзірлеген цифрлық компоненті бар қылмыстарды тиімді тергеуге бағытталған кадрларды даярлаудың көп деңгейлі моделін іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған. Курс барысында құқыққа қарсы қызметтің цифрлық іздерін анықтау, талдау және бекітудің заманауи тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Дәстүрлі криминалистика сияқты киберкеңістіктегі қылмыстар міндетті түрде кәсіби анықтау мен процессуалдық растауды қажет ететін із қалдыратыны атап өтілген. Әлеуметтік желілердің […]

Жаңалықтар

Құқық қорғау органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыруы

2026 жылғы 30 сәуірде Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы А.К. Рахметоллов 7М12303 «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының магистранттары үшін ашық семинар сабағын өткізді. Сабақ шеңберінде инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша мониторинг, талдау және тексеру іс-шараларын жүргізу тәртібін қоса алғанда, құқық қорғау органдары қызметінің ұйымдастырушылық […]

Жаңалықтар

ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

2026 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері Ақмола облысы Тайтөбе ауылында өткен «Ер есімі – ел есінде» атты жыл сайынғы еске алу акциясына қатысты. Іс-шара Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін ұлықтауға және жас ұрпақтың бойында патриоттық рух қалыптастыруға бағытталды. Іс-шараның негізгі бөлігі осы өңірдің тумасы, Жеңістің алғашқы туын […]

Жаңалықтар

Қайталанған қылмыстың детерминанттары және оның алдын алу шаралары

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты қайталама қылмыс жасауға ықпал ететін негізгі факторларды айқындауға және рецидив деңгейін төмендетудің тиімді тетіктерін әзірлеуге бағытталған қолданбалы зерттеуді аяқтады. Зерттеу Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2-Қызметінің тапсырмасы бойынша Академияның ғылыми ұжымының қатысуымен, қылмыстық-атқару жүйесі, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті қызметкерлерінің көмегімен, сондай-ақ психология, […]

Жаңалықтар

Прокуратура органдарының ведомстволық білім мен ғылымды дамыту мәселелері жөніндегі жедел кеңес туралы

2026 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Асхат Жұмағалидің қатысуымен «Прокуратура органдарының ведомстволық білімі мен ғылымының жай-күйі туралы» тақырыбында кеңейтілген жедел кеңес өтті. Сонымен қатар кеңес жұмысына Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар бейнеконференцбайланыс режимінде қатысты. Биылғы жыл Қазақстан […]

Жаңалықтар

Академияда криптовалютаның заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қонақ дәрісі өтті

Қазақстан Республикасының Әскери және арнаулы оқу орындары қауымдастығының бірлескен өзара іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде «Криптовалютаның заңсыз айналымы: өзекті сын-қатерлер және қарсы іс-қимыл практикасы» тақырыбында онлайн-дәріс өтті. Дәрісті Кәсіптік оқыту институтының Қылмыстық қудалау кафедрасының аға оқытушысы Б.Т. Мұсапиров өткізді. Цифрлық активтерді дамытудың қазіргі заманғы үрдістері және оларды құқыққа қарсы қызметте пайдалану тәуекелдері атап өтілді. Криптовалютаның […]

Яндекс.Метрика