Қызылордада алқабилердің қатысуымен өтетін сот процестеріне прокурордың қатысуы мәселелері бойынша мемлекеттік айыптаушылар форумы өтті
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қызылорда облысының прокуратурасымен бірлесіп «Алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыптауды қолдаудың өзекті мәселелері» тақырыбында өңірлік мемлекеттік айыптаушылар форумын өткізді. Іс-шара Қызылорда қаласының Достық үйі ғимаратында ұйымдастырылып, оған облыс прокурорлары, сот корпусының өкілдері және Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Форумды Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров ашты. […]