Академияда прокурорларды цифрлық тергеу бойынша оқыту аяқталды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына киберпрокурорлар пулын дайындау шеңберінде іске асырылған «Киберқылмыстарды цифрлық тергеу» атты біліктілікті арттыру курсының қорытындысы шығарылды. Бағдарлама оқытудың екінші кезеңі болды және тәжірибеге бағытталды. Тыңдаушылар цифрлық іздерді, онлайн коммуникацияларды және ашық көздерді талдауды, сондай-ақ цифрлық дәлелдемелерді процестік пайдалануды пысықтады. Сабақтардың бір бөлігі киберполигонда нақты тергеу сценарийлерін модельдеумен […]