Конституциялық новеллалар және азаматтардың құқықтарын қорғау: ЕҰУ-да ашық дәріс
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің білім алушыларымен «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының прогрессивті ережелері» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін бекітетін мемлекеттің Негізгі Заңы ретінде Конституцияның маңыздылығы атап өтілді. […]