Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз қоғамның негізі
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру және халықтың құқықтық мәдениетін арттыру аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты Астана қаласы әкімдігінің Діндерді зерттеу орталығының қолдауымен «Қауіпсіз қоғам» атты алғашқы ағартушылық подкаст өткізді. Подкасттың тақырыбы: «Заң мен тәртіп. Құқық бұзушылықтардың алдын алудың негізі ретіндегі құқықтық сауаттылық». […]