Жаңалықтар
Академия Экономикалық тергеу қызметі үшін жас мамандарды шығарды
2025 жылғы 25 желтоқсанда Академияда Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеу қызметі үшін алғашқы кәсіптік даярлау бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған тыңдаушылар шығарылды. Оқыту экономикалық қауіпсіздіктің өзекті сын-қатерлерін ескере отырып, құқық қорғау органдарында қызмет ету үшін қажетті кәсіби құзыреттер мен құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Салтанатты іс-шараға Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов, Академияның бірінші проректоры Қалиолла Сейтенов, […]