Жаңалықтар

Академияда «NitecAI» жасанды интеллект платформасы таныстырылды

2025 жылғы 28 қарашада Құқық қорғау органдары академиясында «NitecAI» жасанды интеллектінің инновациялық платформасы таныстырылды. Іс-шара кәсіби оқыту институтының профессорлық-оқытушылар құрамына арналды. Платформаны «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы AI департаментінің project manager  Лаура Ажбагамбетова таныстырды. Қатысушыларға деректерді талдауды автоматтандыру, оқу материалдарын әзірлеу, тест тапсырмаларын құрастыру және мәтіндерді аудару сияқты «NitecAI» платформасының негізгі мүмкіндіктері көрсетілді. Бұл құралдар […]

Жаңалықтар

Бас прокуратура мен ЕҚЫҰ қоғамдық коммуникация саласындағы қызметкерлердің әлеуетін нығайтады

Астанада Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп ұйымдастырған облыстық прокуратура өкілдеріне арналған екі күндік оқыту тренингі аяқталды. Іс-шараның мақсаты прокуратура органдарының қызметін ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыратын қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін жетілдіру, сондай-ақ қарқынды дамып келе жатқан медиа орта жағдайында олардың жұмыс сапасын арттыру болып табылады. Тренинг барысында қатысушылар ашықтық […]

Жаңалықтар

Киберқылмыстарды цифрлық тергеу бойынша біліктілікті арттыру

2025 жылғы 24-28 қарашада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Киберқылмыстарды цифрлық тергеу» біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Бағдарлама желілік ортада цифрлық дәлелдемелермен жұмыс істейтін және қылмыстарды тергейтін қызметкерлердің тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталды. Тыңдаушылар цифрлық криминалистиканың заманауи әдістерін, деректерді талдау құралдарын, криптовалюталар мен виртуалды активтерді пайдаланып жасалған қылмыстарды тергеудің ерекшеліктерін үйренді. Кәсіби құзыреттіліктерді […]

Жаңалықтар

Магистранттар мен докторанттар үшін ғылыми семинар

Құқық қорғау органдары академиясында магистранттар мен докторанттар үшін «Жаһандық-қатерлер және ұлттық мүдделер контекстінде қылмыстық саясаттың өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шара ғылыми дискуссия форматында өтіп, қылмыстық, қылмыстық-атқару және қылмыстық-процестік заңнаманы дамытудың негізгі бағыттары, қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл мәселелері және құқық қорғау органдарының қызметінде заманауи технологияларды қолдану қаралды. Алынған ұсынымдар ғылыми жұмыстарды, оның ішінде […]

Жаңалықтар

«Зерттеу дизайны» ғылыми семинары

Құқық қорғау органдары академиясында профессорлық-оқытушылар құрамының, магистранттар мен докторанттардың әдістемелік мәдениетін арттыруға бағытталған «Зерттеу дизайны» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Шақырылған спикер – заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жамалладин Ибрагимов зерттеу дизайнын құрудың негізгі принциптерін таныстырып, ғылыми мәселені дұрыс қоюдың, мақсаттар мен міндеттерді айқындаудың, сондай-ақ зерттеу әдістерін таңдаудың маңыздылығын атап өтті. […]

Жаңалықтар

Академия оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы аяқталды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Оқытушылық дағдыларды дамыту және жетілдіру» педагогикалық шеберлік мектебі аясында өткізілген оқытушылардың біліктілігін арттыру курсы аяқталды. Оқу 2025 жылғы 28-31 қазан және 24-25 қараша аралығында өтті. Бағдарлама оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін нығайтуға бағытталған болатын. Тыңдаушылар оқу-әдістемелік қолдау мәселелерін, заманауи педагогикалық тәсілдерді, оқытуда цифрлық технологияларды қолдануды және аудиториямен […]

Яндекс.Метрика