Жаңалықтар

Академия магистратура мен докторантура түлектерін құттықтайды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы кезекті оқу жылының сәтті аяқталғанын хабарлап, 2025 жылы магистратура мен докторантураны тәмамдаған түлектерді академиялық мансабындағы маңызды кезеңге жетуімен құттықтайды. Бүгін салтанатты диплом табыс ету рәсімі өтті. 64 магистрант пен 13 докторант диплом алды. Академия ректоры Марат Сексембаев: «Бұл күн – әрбір түлек үшін маңызды кезең. Сіздер […]

Жаңалықтар

Қауіпсіз интернет: «Көршіңді таны» жобасы аясындағы кинотренинг

2025 жылғы 10 шілдеде «Көршіңді таны» пилоттық жобасы аясында Қосшы қаласының Мәдени-спорт кешенінің акт залында «Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында кинотренинг өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қосшы қаласының прокуратурасымен, полиция бөлімімен және әкімдігімен бірлесіп өткізді. Кинотренингке қатысушылар интернет-алаяқтық саласындағы өзекті қауіп-қатерлерді талқылап, цифрлық сауаттылық пен құқықтық сананы арттыруға қатысты ұсынымдармен […]

Жаңалықтар

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби кездесу

Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған әдеби кездесу өтті. Іс-шараға Академияның қызметкерлері мен тыңдаушылары қатысты. Кездесудің құрметті қонағы – абайтанушы, «Абайтану» ғылыми-ағартушылық орталығының негізін қалаушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасының үздік ақыны» атағының иегері Алмахан Мұхаметқалиқызы. Шара рухани шабыт пен […]

Жаңалықтар

Құқық қорғау органдары академиясындағы докторлық диссертацияларды сәтті қорғау: жаңа философия докторлары

2025 жылғы 3-4 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертацияларды сәтті қорғау рәсімдері өтті. Үш докторант өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынып, жоғары дайындық деңгейін және таңдалған тақырыптардың құқық қолдану тәжірибесі мен ғылым үшін өзектілігін көрсетті. 🎓 Тимур Қайратұлы Авенов (6D030300) «Қазақстан Республикасының жария іс-шараларды […]

Жаңалықтар

«Ұлт үні – домбыра»: Академияда Ұлттық домбыра күні аталып өтті

2025 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлт үні – домбыра» акциясы өтті. Іс-шараға Академия қызметкерлері, «Күй анасы» қоғамдық кеңесінің өкілдері, сондай-ақ қазақтың атақты композиторы Дина Нұрпейісованың немересі Төлеген Шаңғытбайұлы Қуанышев қатысты. Қонақтар домбырада бірнеше әуен орындап, оның тарихы мен қазақ мәдениетіндегі орны туралы әңгімеледі. […]

Яндекс.Метрика