Жаңалықтар

Астанада адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық диалог өтті

2025 жылғы 30 шілдеде Астанада адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған ұлттық диалог өтті. Іс-шара Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі халықаралық күнге орай ұйымдастырылды. Кездесуді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Марат Сексембаев ашып, бұл мәселені шешуде жүйелі және ведомствоаралық тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Қонақтарды Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымы миссиясының басшысы […]

Жаңалықтар

Академия адам саудасы құрбандарын қорғау бойынша тренингтерді аяқтады

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясы адам саудасы құрбандарын анықтау және қайта бағыттау бойынша стандартты рәсімдерді оқытуға арналған республикалық тренингтердің қорытындысын шығарды. Ішкі істер министрлігі мен Халықаралық көші-қон ұйымының бастамасымен өткен іс-шаралар 2025 жылдың сәуір–шілде айларында Астана мен Алматы қалаларында барлық өңір өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Оқыту полиция, еңбек инспекциясы, денсаулық сақтау, білім беру, […]

Жаңалықтар

Синтетикалық есірткі мен кірістерді жылыстату схемаларына қарсы семинар Академияда аяқталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында синтетикалық есірткілерді пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарды және кірістерді жылыстату схемаларын анықтауға арналған төрт күндік семинар-тренинг өз мәресіне жетті. Оған тәжірибе алмасу және заманауи қарсы іс-қимыл тәсілдерін меңгеру үшін Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Академия оқыту жұмысына қолдау көрсеткен халықаралық серіктестеріне, соның ішінде […]

Жаңалықтар

Академия онлайн есірткі саудасына қарсы халықаралық семинар бастады

2025 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында синтетикалық есірткілерді интернет арқылы сату және криптовалюта арқылы жүргізілетін есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған төрт күндік халықаралық оқу семинары басталды. Іс-шара БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), АҚШ Мемлекеттік департаментінің халықаралық бағдарламалар жөніндегі бюросы (INL), сондай-ақ Орталық Азия өңірлік […]

Жаңалықтар

Академия есірткі қылмыстарына қарсы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Орталық Азия өңірлік ақпараттық-үйлестіру орталығы және БҰҰ Есірткі және қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігі басшылығымен кездесу өтті. Академия тарапынан бірінші проректор Қ. Сейтенов, сондай-ақ Кәсіби білім беру институтының басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Орталық Азия өңірлік ақпараттық-үйлестіру орталығы тарапынан ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы А. […]

Жаңалықтар

Академия магистратура мен докторантура түлектерін құттықтайды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы кезекті оқу жылының сәтті аяқталғанын хабарлап, 2025 жылы магистратура мен докторантураны тәмамдаған түлектерді академиялық мансабындағы маңызды кезеңге жетуімен құттықтайды. Бүгін салтанатты диплом табыс ету рәсімі өтті. 64 магистрант пен 13 докторант диплом алды. Академия ректоры Марат Сексембаев: «Бұл күн – әрбір түлек үшін маңызды кезең. Сіздер […]

Яндекс.Метрика