
Академия мен ЕҚЫҰ киберқылмысқа қарсы күресте әріптестікті кеңейтуде
2025 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері ЕҚЫҰ Хатшылығының Трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл департаментінің делегациясымен «Орталық Азияда киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы әлеуетті арттыру: II кезең» жобасы аясында кездесті. Кездесу барысында оқу іс-шараларын өткізу, ұлттық жаттықтырушыларды даярлау, киберқылмыспен күрес жөніндегі оқу орталығының құрылуы сияқты өткен кезең жұмысының қорытындылары шығарылды. […]