Жаңалықтар

Қазақстандық докторант Мәскеудегі терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық байқауда жеңіске жетті

2025 жылғы 6 маусымда Ресей Федерациясының астанасында «Студенттік қалқан – 2025» терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл саласындағы V Халықаралық студенттік бастамалар байқауының жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті. Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің 95 жылдығына арналған байқау ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің терроризмге қарсы орталығының көмегімен өтті. Іс-шараға сегіз елден: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан […]

Жаңалықтар

Академия мен ЕҚЫҰ киберқылмысқа қарсы күресте әріптестікті кеңейтуде

2025 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері ЕҚЫҰ Хатшылығының Трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл департаментінің делегациясымен «Орталық Азияда киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы әлеуетті арттыру: II кезең» жобасы аясында кездесті. Кездесу барысында оқу іс-шараларын өткізу, ұлттық жаттықтырушыларды даярлау, киберқылмыспен күрес жөніндегі оқу орталығының құрылуы сияқты өткен кезең жұмысының қорытындылары шығарылды. […]

Жаңалықтар

АКАДЕМИЯНЫҢ ИНСТАГРАМЫНДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИР

Құрметті оқуға түсуге үміткерлер! Сіздерді Академияға оқуға түсу мәселелері бойынша academy_gp.kz инстаграм парақшасында өткізілетін тікелей эфирге қатысуға шақырамыз. Іс-шара 2025 жылғы 12 маусымда сағат 11.00-де (Астана қаласының уақыты бойынша) өткізіледі. Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі Телефон: +7 (701) 512-64-30 Email: 7340104@prokuror.gov.kz

No Picture
Жаңалықтар

Электрондық дәлелдемелер бойынша ұлттық тренинг

2025 жылғы 9-10 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисімен бірлесіп «Басқа елдерден электрондық дәлелдемелерді сұрау салу ерекшеліктері» тақырыбында тренинг өткізді. Оқытуға судьялар, прокурорлар, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар шетелдік қызмет көрсетушілерден сұрау салуды жолдау тәртібімен, оның ішінде шұғыл және тікелей сұрау салумен, сондай-ақ […]

No Picture
Жаңалықтар

Құрметті магистратура мен докторантураға  түсуге үміткерлер!

Сіздерді «Академияның магистратурасы мен докторантурасына түсу мәселелері бойынша оқуға үміткерлермен онлайн-кездесуге» қатысуға шақырамыз. Кездесуде сіздер Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары, білім алушының оқуы және оқуға түсу шарттары туралы біле аласыз. Іс-шара 2025 жылғы 27 мамырда ZOOM платформасында өтеді. Қатысу үшін https://us06web.zoom.us/j/6390801176?pwd=wD2ouRK7o3eEyHTal6GswbopxAayuh.1 сілтеме бойынша өтулеріңізге немесе конференции идентификаторы:               639 080 1176 кіру коды: […]

No Picture
Қорғау

ХАБАРЛАНДЫРУ

8D04201 «Құқықтану» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Алмас Муратович Амировтың «Дербес деректер және оларды қорғау саласындағы заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалау» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алуға алдағы докторлық диссертацияны қорғау шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының диссертациялық кеңесімен (бұдан әрі — диссертациялық кеңес) ресми рецензенттер (2025 жылғы 09 маусымдағы № 10 […]

Яндекс.Метрика