
Ашықтыққа жол: Академияда әкімшілік сыбайлас жемқорлықты жою жолдары талқыланды
Құқық қорғау органдары академиясында «Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін әкімшілік кедергілерді жою» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті. Бастама Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен жүзеге асырылды. Семинарға Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері және Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған шешімдерді әзірлеу. Негізгі […]