
Жаңалықтар
Диалог алаңы: Академия мен Конституциялық Сот құқықтық мемлекетті дамыту мәселесін талқылады
Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Конституциялық Сот судьяларының қатысуымен диалогтық кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Форумды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаментімен бірлесіп Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырды. Кездесуді ашқан Бас Прокурордың орынбасары […]