
Биоалуантүрлілікті қорғаудың жаңа тәсілдері: Астанада Ғылыми зерттеу нәтижелері ұсынылды
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбында ғылыми зерттеу нәтижелерінің тұсаукесері өтті. Зерттеуді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының авторлық ұжымы жүргізді. Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы […]