Киберқауіптер бақылауда: Академия құқық қорғау органдарына цифрлық тергеуді үйретеді
Бүгін құқық қорғау органдары академиясында «Киберқылмыстарды цифрлық тергеу» тақырыбында төрт күндік семинар-тренинг аяқталды. Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылды және цифрлық криминалистика саласындағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған. Академия проректоры Маралбек Ешимов өзінің кіріспе сөзінде қоғам мен экономиканы жедел цифрландыру қауіп-қатердің жаңа түрлерін тудыратынын атап өтті. «Киберқылмыстар біздің заманымыздың ең үлкен қауіптерінің […]