Мемлекеттік қызметтегі шектеу мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстел
Құқық қорғау органдары академиясы мемлекеттік қызметтегі шектеу мәселелері бойынша ведомствоаралық ғылыми зерттеу шеңберінде Халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға ғалымдар, практиктер, отандық және шетелдік мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Академияның зерттеу ұжымының мүшелері баяндама жасай отырып, мемлекеттік қызметтегі бірқатар шектеулер мен тыйымдардың белгісіздігі құқықтық мәдениет деңгейіне және мемлекеттік аппарат кадрларының жоғары талаптарға сәйкестігіне әсер ететінін атап өтті. […]