Жаңалықтар

Академия тындаушылары Халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

Өткен аптада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заң жоғары оқу орындарының үздік студенттері мен ведомстволық оқу орындарының білім алушылары жиналған «Крим-Экс-2024» криминалистика бойынша оныншы Халықаралық олимпиада сәтті аяқталды. Құқық қорғау органдары академиясының «Крим-Team-Astana» командасында Қуаныш Күлкешев, Гүлден Шекенова, Әділбек Қасымов, Мақсат Даркенбай, Әсел Әлімханова бақтарын сынады. Команданың жетекшісі Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру […]

Жаңалықтар

Академия магистранттары мен докторанттары «Қаныштану» бағдарламасын жасаушымен кездесіп, Ғылым күнін атап өтті

Құқық қорғау органдары академиясында көрнекті ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай маңызды кездесу өтті. «Мәдениет университеті» жобасы аясында Академия ұйымдастырған іс-шарада Академияның магистранттары, докторанттары мен қызметкерлері «Қанышану» білім беру бағдарламасының авторы және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген педагогы Қаныш Сәтбаевтың туысқан қарындасы Жұмагүл […]

Жаңалықтар

Қазақстанда химиялық прекурсорлар мен синтетикалық есірткілерді бақылау үшін мақсатты орталық құру қажеттілігі зерттелуде

Синтетикалық есірткінің, әсіресе жастар арасында таралуына қарсы іс-қимыл мәселелері жыл сайын өзекті болып келеді. Оған қатысты азаматтардың саны артуда. Қазіргі қоғамның нағыз індетіне айналған есірткі саудасы, әсіресе синтетикалық есірткі, шешуші және тиімді қарсы шараларды қажет етеді. Медицина саласындағы сарапшылар синтетикалық препараттар 90% жағдайда оларды бірінші рет тұтынғаннан бастап тәуелділік тудыратынын, яғни, генофондқа және ұлт денсаулығына […]

Жаңалықтар

«Қазіргі заң ғылымын дамыту: теория және практика» VІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Дәстүр бойынша, Ғылым қызметкерлері күніне орай Құқық қорғау органдары академиясы «Қазіргі заң ғылымын дамыту: теория және практика» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Жетінші форум Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан жоғары оқу орындарының ғылыми және заң қоғамдастығының өкілдері, тәжірибешілер, докторанттар мен магистранттарды жинады. Академия ректоры Марат Сексембаев кіріспе сөзінде мемлекеттің дамуындағы ғылымның маңызды рөлін […]

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық жаттықтырушылар

Бүгін адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық жаттықтырушыларды даярлау жобасы аяқталды. 2023 жылғы қыркүйектен бастап Құқық қорғау органдары академиясы Халықаралық көші-қон ұйымымен бірлесе отырып, INL/АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қаржылық қолдауымен сот жүйесінің, прокуратураның, ұлттық қауіпсіздік және полиция органдарының ведомстволық жоғары оқу орындарынан ұлттық жаттықтырушыларға кандидаттарды оқытуды жүргізді. Әзірленген оқу модульдерінің презентациясына және ұлттық жаттықтырушылардың сертификаттарын тапсыру […]

Жаңалықтар

Прокурорлар мен полицейлер мобильді құрылғылардың цифрлық криминалистика дағдыларына үйренді

Технологияның жедел дамуы және қылмыстық әрекеттің киберкеңістікке, әсіресе мобильді құрылғылар мен интернет арқылы өтуі жағдайында құқық қорғау органдары үшін мамандандырылған оқытудың шұғыл қажеттілігі туындады. Ол үшін ағымдағы жылдың 8-12 сәуір аралығында Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен прокуратура және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін «Мобильді құрылғылардың цифрлық криминалистикасына кіріспе» тақырыбында оқу курсын өткізді. […]

Яндекс.Метрика