«SOS Астана балалар ауылы» тәрбиеленушілерімен кездесу
Академия қызметкерлері нашақорлық мәселесіне арналған «Астана SOS балалар ауылы» тәрбиеленушілерімен профилактикалық әңгіме өткізді. Кездесу барысында спикерлер балаларға есірткіні қолданудың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны мен ауыр зардаптары туралы еске салды. Қоғамдағы жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, есірткі заттарын заңсыз сатып алу, тарату және пайдалану үшін заңда көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы айтылды.