Ө.С. Сейітовтің 100 жылдық мерейтойына орайластырылған ЖОО студенттері мен тыңдаушылары арасында өткен «Сейітов ізбасары» байқауы
Конкурс регламенті Конкурс қорытындысы Жоғары оқу орындарының бейнепрезентациялары
Конкурс регламенті Конкурс қорытындысы Жоғары оқу орындарының бейнепрезентациялары
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 2023 ж. 15 мамырында сағ. 10.00-де 7М04203—«Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша (ғылыми-педагогикалық бағыт) Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының емтиханы өтеді. Онлайн трансляцияға қосылу үшін сілтеме бойынша өту керек: https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_ODk1MTlhOTMtZmQwZS00YmUwLTk0ZDQtODA0NDE4NjU0YmU2%40thread.v2/0?context=%7b%22Tid%22%3a%221082d045-47de-44a9-a18b-da40c44f6ca5%22%2c%22Oid%22%3a%22ceec7872-8a1a-4336-a839-7ec5eaed63b4%22%7d Қосылу үшін сілтемені түртүңіз немесе оны браузерге қойыңыз.
Академия қызметкерлері нашақорлық мәселесіне арналған «Астана SOS балалар ауылы» тәрбиеленушілерімен профилактикалық әңгіме өткізді. Кездесу барысында спикерлер балаларға есірткіні қолданудың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны мен ауыр зардаптары туралы еске салды. Қоғамдағы жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, есірткі заттарын заңсыз сатып алу, тарату және пайдалану үшін заңда көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы айтылды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі жөніндегі агенттігімен, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен және «Тұран» Университетімен бірге студенттер мен магистранттарды Қаржы қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық олимпиадаға іріктеу турына қатысуға шақырады. Толығырақ сайтта: https://buketov.edu.kz/kz/page/faculty/faculty-econ/buh4
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған дөңгелек үстелдің басты тақырыбына айналды. Кездесуге қатысушылар-Академияның авторлық ұжымдары, Бас прокуратура, облыстық прокуратура, сот, «Атамекен» ҰКП, бизнес-қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Өзбекстан сарапшылары. Форум аясында бизнесті заңсыз араласудан қорғаудың шетелдік тәжірибесі мен үздік әлемдік тәжірибелері зерделенді, заңнама мен құқық қолдану […]
Академия проректоры — Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының директоры Гүлнар Шушикова Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырған «Ашық үкімет және жаңа басқару мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Іс-шараға Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов, Астана Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың Басқарушы комитет төрағасы Әлихан Бәйменов, Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі […]