Жаңалықтар

Түркия Әділет академиясы — Құқық қорғау органдары академиясының жаңа серіктесі

Біздің жоғары оқу орны делегациясының Ыстамбұл қаласына сапары барысында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Қол жеткізілген уағдаластықтардың мақсаты – прокурорлыққа кандидаттарды даярлау және құқық қорғау органдарының жұмыс істеп тұрған қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі күш-жігерді шоғырландыру. Келісім шеңберінде тараптар бірлескен ғылыми және білім беру іс-шараларын, тағылымдамалар мен таныстыру сапарларын өткізуге, мамандар мен оқытушылармен алмасуға, оқу […]

Жаңалықтар

Шетелден электрондық дәлелдемелерді сұрау салу мәселелері бойынша семинар-тренинг

Құқық қорғау органдары академиясында басқа елдерден келген электрондық дәлелдемелер мәселелеріне арналған семинар-тренинг аяқталды. Қатысушылар — прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдарының, экономикалық тергеу қызметінің, ішкі істер органдарының, Қорғаныс министрлігі әскери полициясының және Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының қызметкерлері. Тренинг барысында атап өтілгендей, интернеттің дамуына байланысты электрондық дәлелдемелерді бүкіл әлем бойынша кез келген юрисдикцияға орналастыруға болады. Сондықтан […]

No Picture
Жаңалықтар

Пресс-релиз

Құқық қорғау органдары академиясы Бас Прокурордың «Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасын әзірледі. Бұйрық жобасының мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.

Жаңалықтар

Қаржылық тергеу және активтерді қайтару бойынша тренинг

Құқық қорғау органдары академиясы прокуратура, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлеріне қаржылық тергеу және ұрланған активтерді шетелден қайтару мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізді. Мемлекет басшысы аталған мәселелерді құқық қорғау органдарының қызметінде басым мәселелер ретінде айқындады. Осы бағыттағы тиімді және үйлесімді жұмысты қамтамасыз ету үшін Президенттің Жарлығымен Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері […]

No Picture
Жаңалықтар

Ұрланған активтерді қайтару бойынша халықаралық тәжірибе алмасу

Астанада «Еуропа мен Орталық Азиядағы халықаралық ынтымақтастықты жақсарту арқылы активтерді қайтару» өңірлік конференциясы өтті, оған Құқық қорғау органдары академиясының проректоры Гүлнар Шушикова қатысты. Іс-шара бір үстелге 14 елдің — Албания, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Молдова, Польша, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина, Чехия, Эстония өкілдерін жинады. Қатысушылар қамауға алынған және тәркіленген активтерді қайтару және басқару бойынша […]

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Ректорының тағайындалуы туралы

Бас Прокурордың бұйрығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ректоры болып Марат Исламханұлы Сексембаев тағайындалды. Марат Исламханұлы 1979 жылы дүниеге келген. 2000 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтаған . Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысының прокуратурасында  бастады. Прокуратура, әділет органдарында, қаржы полициясында басшылық лауазымдарында мол тәжірибесі бар. […]

Яндекс.Метрика