Прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігіне алғашқы кәсіптік даярлыққа қабылданған үміткерлер үшін ХАБАРЛАНДЫРУ
2022 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ғимаратында ведомствоаралық қабылдау комиссиясының отырысы өтті. 1.Ведомствоаралық комиссия үміткерлердің қабылдау емтихандарындағы қорытынды бағаларын, жеке істерін және полиграфологиялық зерттеулердің деректерін зерделеу нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарының кадрлары мәлімделген қажеттілікке сәйкес алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге мынадай үміткерлерді ұсынды: — прокуратура органдарына 51,12 және оданжоғары […]