Терең ризашылық пен құрмет белгісі
Жеңіс күні-елді майданда қорғап, тылда жеңіске жеткендердің барлығына құрмет көрсететін уақыт. Құқық қорғау органдары академиясында ұлы мереке қарсаңында жыл сайын ардагерлер — тыл еңбеккерлері мен соғыс балалары үшін қайырымдылық акциясын өткізу игі дәстүрге айналды. Бұл тарихи жады мен ұрпақтар сабақтастығын сақтау үшін маңызды. Биылғы жылы ЖОО тыңдаушылары мен қызметкерлері Қосшы қаласының жеті ардагерінде қонақта болды. […]