Жаңалықтар

Статистикалық мәліметтермен манипуляциялардың алдын алу

Академияда аумақтық прокуратура қызметкерлеріне арналған курста қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалаудың проблемалық мәселелері талқыланды. Тренинг тақырыбының өзектілігі прокурорлар үнемі кездесетін азаматтардың конституциялық құқықтары мен есепке алу-тіркеу тәртібін бұзу фактілерімен түсіндіріледі. Бір апта бойы тыңдаушылар ҚСжАЕК ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу ерекшеліктерін, тексерулер жүргізу әдістемесін зерттеді. Электрондық қылмыстық істі ресімдеуде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін айыптау актісін жасауда […]

Баспа қызметі

З.ғ.д. профессор Қ.Қ.Сейтеновтың жалпы редакциялауымен. Авторылық ұжым: С.Б.Тапаев, В.В. Хан, Т.А.Түсіп, Ә.С. Қуатова. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық: ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру нысандарын криминализациялау/қылмыстық сипаттан арылту: ғылыми-практикалық зерттеу. – Қосшы қ.: Құқық қорғау органдары академиясы, 2021. – 502 б.

Ғылыми-практикалық зерттеу құқық қорғау органдарының қызметтік іс-әрекетін және ведомствоаралық өзара іс-қимылын жетілдіру мақсатында дайындалды. Авторлық ұжым отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұрудың заманауи мәселелерін қарастырды. Басылым құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ ғылыми қызметкерлерге, ЖОО оқытушыларына, докторанттарға, магистранттарға, ЖОО студенттеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Яндекс.Метрика