Азаматтарды жол бойындағы сервистің сапалы қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша
Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі-Академияның ВҒЗИ) «Ғылыми-құқықтық тәсілдер, азаматтарды жол бойындағы сервистің сапалы қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша шет елдердің тәжірибесі» тақырыбында жедел талдау қорытындысы бойынша онлайн кеңес өткізді. Іс-шараға Академия, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ, ҚР ҰҚК, ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитеті, республикалық арнайы мониторингтік топ, «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі, «Атамекен» ҰКП өкілдері және олардың өңірлерден […]