Өткізілген Ғылыми-әдістемелік кеңестің нәтижелері бойынша
Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес жұмысына Парламент депутаттары, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарының, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің ведомстволық жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Отырыста ведомствоаралық ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындылары талқыланып, 2021 жылға арналған зерттеу тақырыптары бекітілді. Өткен жылы ғылыми жұмыстардың тақырыптары […]