Халықаралық байқауда күміс
Мәскеуде аяқталған Халықаралық «Ғылыми кітап» байқауының қорытындысы бойынша «Конституциялық құқық» номинациясында екінші орынды Құқық қорғау органдары академиясының авторлық ұжымының «Жеке өмірге қол сұқпаушылық» тақырыбындағы монографиясы жеңіп алды. Бұл Ресей Федерациясы ІІМ Басқару академиясы ұйымдастырған үшінші байқау. Биылғы жылы байқауға 50 ғылыми және білім беру ұйымдарынан 147 жұмыс ұсынылды. Әрбір байқау жұмысы екі рет рецензиялаудан өтті. […]