No Picture
Мемлекеттік тіл

QUJAT.KZ

www.qujat.kz сайтында ісқағаздар күнделікті қолдануға қарай 2-ге бөлінген: кеңсе құжаттары және кадр құжаттары. Сайтта Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық құжаттар екі папкаға жинақталған, әрі қарай құжаттардың жеке үлгілері берілген. Сайтта құжаттарды іздеудің 3 түрі ұсынылған: жүйелі іздеу түрі, құжат атауын жазу арқылы іздеу және әріп арқылы іздеу. Базада барлығы (орысша-қазақша) екі жүзден аса құжат үлгісі бар. […]

No Picture
Мемлекеттік тіл

TILMEDIA.KZ

2017 жылы құрылған «Tilmedia.kz» сайтындағы қызықты және тиімді тәсілдер арқылы қазақ тілін үйренуге болады. Сайт жұмысы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін насихаттауға, олардың қолданылу аясы мен әдістемесін кеңейтуге бағытталған. Тілдерді оқыту әдістемесі аудио және бейне мазмұнға негізделген. Сайтта латын және араб графикасы қарастырылған. Сайт «Ақпарат», «Қара», «Тыңда», «Оқы», «Сұрақ-жауап» атты 5 блогтан тұрады. «Ақпарат» блогында […]

No Picture
Мемлекеттік тіл

TIL-QURAL

«Til-qural» порталы – қазақ тілін оқытуға арналған тегін веб-сервис. Қызмет tilqural.kz адресі бойынша, сондай-ақ iOS және Android платформаларына арналған мобильді қосымшаларда қолжетімді. Тіркелгеннен кейін пайдаланушы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтеді. Сынақ нәтижесі бойынша жүйе оқу курсын ұсынады (5 деңгейдің біреуі). Қазіргі уақытта порталда қарапайым деңгейде (А1) қазақ тілін үйренуге арналған 24 сабақ […]

No Picture
Мемлекеттік тіл

SOZDIKQOR.KZ

Сөздікқор порталына жүктеу үшін 60-қа жуық әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялар таңдап алынды. Атап айтқанда, Қазақ әдеби тілінің 15-томдығы, Абай тілі сөздігі, Ахмет Байтұрсынұлы энциклопедиясы, қазақ тілі синонимдерінің сөздігі, қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі және т.б. Қазіргі таңда портал қорына 300 мыңнан аса сөз енгізілген. Портал әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, […]

No Picture
Мемлекеттік тіл

EMLE.KZ

«Emle.kz» сайты қазақша дұрыс жазу, сөзді дұрыс айту, жұртшылықтың тіл мәдениетін көтеру мақсатында құрылды. Сайттың «Әдеби тіл нормалары» блогында сөз сазы, оның көркем әдебиет пен өмірдегі маңызы, ережелері мен қағидалары берілсе, «Орфография» блогында сөздердің дұрыс жазылу ережелері беріледі. Сондай-ақ кірме сөздер мен терминдік мәнге ие сөздердің бұрынғы және қазіргі жазылу барысындағы айырмашылықтары салыстырмалы түрде көрсетіледі. […]

No Picture
Мемлекеттік тіл

TERMINCOM.KZ

«Termincom.kz» электрондық сайты «Бекітілген терминдер», «Терминдер хронологиясы», «Қолданыстағы салалық терминдер», «Ойталқы», «Құқықтық-нормативтік база», «Ғылыми-әдіcтемелік негіздер» және «Іздеу» блоктарынан тұрады. «Бекітілген терминдер» блогында Республикалық терминологиялық комиссиясында мақұлданған терминдер орналастырылса, «Терминдер хронологиясында» терминдердің бекітілу мерзімдері және олардың сөздік ретінде жарық көруінен мәліметтер беріледі. «Қолданыстағы салалық терминдер» блогына Республикалық терминология комиссиясының мақұлдауымен жарық көрген терминологиялық сөздіктер орналастырылды. «Ойталқы» […]

Яндекс.Метрика