Жаңалықтар
Орта Азия елдері үшін өңірлік форум
Құқық қорғау органдары академиясының алаңында «Адам саудасы және технологиялар» халықаралық бейнеконференц-көпірі өтті, оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан прокуратурасының, полициясының және сотының, азаматтық қоғамның және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Пікірталас барысында адам саудасы мақсатында қазіргі заманғы технологияларды пайдаланудың өзекті мәселелері талқыланды, қазіргі проблемаларды шешу, осы қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша тиімді шаралар […]
Экономикалық тергеу қызметіне алғаш рет қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жариялайды. Экономикалық тергеу қызметі – функциялық міндеттеріне криминалистикалық және арнайы зерттеулер жүргізу, бюджет саласындағы және квазимемлекеттік сектордағы, көлеңкелі экономика саласындағы құқық бұзушылықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Экономикалық тергеу қызметінің құзыретіне жатқызылған өзге де қылмыстарды […]
Прокуратура органдарына алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Бас құқыққорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жариялайды. Прокуратура органдарында іріктеу аудан/қалапрокуратурасының прокуроры (C-RGP-5 санаты) лауазымдарына жүргізіледі, олардың функционалдық міндеттеріне заңда белгіленген шекте және нысандарда ҚазақстанРеспубликасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекет мүдделерін білдіру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кіреді. Ең төменгі жалақы – 164 052 теңге. Іріктеуге қатысу […]
Бас Прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов алғашқы кәсіби дайындық тыңдаушыларына дәріс оқыды
Іс-шара бүгін Академияда прокуратура және қаржы мониторингі органдарына қызметке кандидаттардың, ЖОО басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен өтті. Дәрістің басты тақырыбы құқық қорғау органдары қызметінің маңызды бағыттарының бірі – ұрланған активтерді қайтару болды. Өз сөзінде Ұлан Сапарұлы осы саладағы негізгі проблемаларды қозғап, Бас прокуратурамен қабылданып жатқан шаралар мен алдағы кезеңге арналған бірінші кезектегі міндеттер туралы айтып […]
Отандық ғылым мен білімнің дамуына зор үлес қосқаны үшін
Құқық қорғау органдары академиясында әлеуметтану ғылымдарының докторы, құқық магистрі, психология профессоры, әділет аға кеңесшісі Ане Арзиқызы Тынышбаеваны құрметті демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Сәуле Сапаралиева оның сіңірген еңбегі мен құқық қорғау органдары жүйесінің дамуына қосқан зор жеке үлесін атап өтіп, көп жылғы және мінсіз қызметі […]