Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық жаттықтырушыларды даярлау жөніндегі жоба аяқталды
11-15 желтоқсанда Ақтауда киберқылмыстарды тергеу саласында ұлттық жаттықтырушыларды даярлау бойынша тренингтің соңғы кезеңі өтті. Іс-шараны Құқық қорғау органдары академиясы Халықаралық серіктестер-БҰҰ ЕҚБ және ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырды. Тренингке қатысушылар – прокуратура, ішкі істер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Қаржы мониторингі агенттігі және Сот сараптамасы орталығының қызметкерлері. Тыңдаушылар IDLO бағдарламасы бойынша нұсқаушыларды оқытудың әдіснамасы мен психологиясын, сабақ циклінің […]