
Академия ректорының АҚШ Әділет министрлігінің Есірткімен күрес әкімшілігі өкілімен кездесуі туралы
Бүгін Академия ректоры Ұлан Байжанов АҚШ Әділет министрлігінің Есірткімен күрес әкімшілігі Офисінің Атташесі Михаил Карпенкопфпен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері бойынша пікір алмасты. Соның ішінде есірткі тасымалымен күресте өзара құқықтық көмек көрсетуге қатысты халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қозғалды. Ұ.Байжанов атап өткендей, есірткі қылмыстылығымен күрес проблемасы Қазақстан үшін көкейкесті мәселелердің бірі. Бұған мемлекеттің географиялық орналасуы […]